Менің Антиеуразиялық форумға қатыспауым туралы сауалдар кеп жатыр. Және де кейбір БАҚ одан бір үлкен саясат іздеп жатқан секілді. Жауап берейін: Жұрт менің Еуразиялық одаққа қатысты принципті позициямды бесенеден біледі. Одан айни қойған жоқпын. Керісінше, Ресейдің Украинаға қатысты басқыншылық саясаты менің ол ойымды одан сайын бекіте түсті. Форумның ұйымдастыру комитетіне қатыстым.. Бірақ та 12 сәуірден бұрын жоспарлап қойылған отбасылық бір шаруа бар еді. Нақты айтсам, Атыраудағы туыстарымның бір үлкен садақа-асы бар-тын. Отбасыммен сонда боп қайттым. Және де ұйымдастыру комитетінегі әріптестерімнен рұқсат та сұрап алғанмын. Сондықтан форумға қатыспау фактісінен ешқандай да саясат іздемеулеріңізді сұраймын. Форум қарсаңында "АДАМбол" журналы мен "Новая газета" басылымдарында Еуразиялық Одаққа қатысты ойларымды ашық та жүйелі түрде жеткізуге тырыстым. Соны форумда айтылуы тиіс сөзім деп қабылдаңыздар! Мәселе бір форумммен бітпейді ғой. Қазақстанның шынайы Тәуелсіздігін қорғау жолында алда әлі басқа да шаруа бар. Сонда бірге болайық, ағайын!