Бішкекте ТүркПА басқосуы өтуде

/uploads/thumbnail/20170708151950213_small.jpg

Қырғыз Республикасының Бішкек қаласында түркі тілді елдер (ТүркПА) Парламент Ассамблеясы комиссиясының әлеуметтік, мәдени және ізгілендіру мәселелеріне қатысты және халықаралық байланыстар жайында  3-ші басқосуы өтуде.

 Шара жұмысына ҚР Парламенті Мәжілісінің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі Е.Шпанов пен Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі А.Смайыл қатысуда.

Отырыстың күн тәртібіндегі басты тақырып «Түркі тілді елдердің халықаралық ұйымдар шеңберінде өзара әсері» болып отыр.

Отырыстың  күн тәртібіндегі басты тақырып «Түркі тілділер күні» деп аталды. Отырысқа қатысушылар ынтымақтастықтың алдағы уақытта білім, ғылым, мәдениет және БАҚ салаларында өркендеуін талқылауда.

Связанные Статьи