Қыз-келіншектердің ай сайынғы тәнінде болатын өзгерістерге тек физиологиялық тұрғыдан қарауға болмайды. Мұсылмандарда әйелдің хайыз болмаған күндері таза саналады. Еуропалық тұрмыс-салтта да әйелдер үшін «ерекше күндер» ежелден харам болып есептелген. Жалпы етеккірі келген әйел дүниежүзінің барлық халықтарында, тіпті сығандардың өзінде харам деп танылған. Оның көптеген себептері бар.
Ерте заманда әлемнің көптеген халықтарында ай сайынғы «харам күндері» қыз-келіншектерге іс тігуге, тамақ істеуге, қонақ күтуге, ерінің қасында болуға, қасиетті жерлерге аяқ басуға, діни ғимаратттарға кіруге, т.б. тиым салынған. Батыс елдерінің шіркеулерінде бүгінге дейін «тазармаған» әйелдердің шырақ тұтатуына, шіркеудегі қасиетті заттарға қол тигізуіне, діни ғұрыптарға қатысуына болмайды. Бұл тиымдардың барлығы айлық менструация кезінде әйел азғасының тазаруымен байланыстырылады. Яғни, әйелдің тәні лас қанның ағуымен бірге тазарып қана қоймай, былғаныш энергетикадан арылып, жеңілдейтін көрінеді. Сондықтан бұл күндері етеккірі келген әйелдер ерлердің және өзге «таза» әйелдердің ортасында емін-еркін жүріп, аралас-құралас болудан сақтанғаны жөн.
«Болезни детей и женщин» деген кітапта доктор Тильден етеккірдің жалпы жақсы еместігін, ол әйел азғасынан қалдықтардың шығуымен байланысты екенін түсіндірген. Неғұрлым етеккір көп болса әйелдің ағзасы соғұрлым лас деген сөз. Ғалымдар ежелгі дәуірдегі әйелдердің қазіргілерден әлдеқайда таза болғанын айтады. Яғни, бұрынғы замандағы әйелдер кем дегенде 7-8 баладан туған. 10-20 бала туғандар бар. Байырғы әйелдер жиі-жиі бала көтеріп, бала емізіп деген сияқты функцияларды атқарғандықтан ай сайынғы «харам күндерден» көбінесе ада болған.
Даосизм философиясында етеккір кезінде әйелдер айналасына лас энергетика шашатыны туралы айтылады. Мәселен, әйелдер бұндай күндері тез шаршағыш болады, ештеңеге зауқы соқпайды, маңызды шаруаларды атқаруға қабілеті төмен болады, т.б. Оған қоса аса сезімтал әрі эмоционалды келеді. Бұндай күндері әйелдің қасында болғандар оның лас энергиясынан жапа шегеді. Оны өздері де сезбеуі мүмкін. Сонымен қатар Шығыс және Батыс ғылымы бұл күндері әйелдің өзі де көп энергиясын жоғалтатынын айтады. Сондықтан етеккір келгенде ауыр зат көтеруге, қиын жұмыстарды атқаруға болмайды. Ал «харамдығына» қарамай, тамақ істеп, күйеуіне жақын боп, қонақ күткен әйелдер лас энергиясын өзгелердің ағзасына «сіңіреді». Осыдан басқалар ауру табуы мүмкін.
Сондай-ақ, ежелгі Шығыс және Батыс ғылымы етеккірі келген әйел тазалық сақтамаса айналасына шайтан еріп жүреді деген наным бар. Әлемнің көптеген халықтары етеккір келген әйелден «уақытша құтылу» амалдарын да жасайды. Мәселен, Африкадағы тайпаларда әйелдер менструация күндері ауыл сыртындағы оқшау лашыққа кетеді. Бұл лашықта әйел етеккірі біткенше тұрады. Ал сығандар, жалпы әйел атаулыға сақтықпен қарайды. Мысалы, бұл халықта әйелдің ұзын көйлегінің етегі тиіп кеткен ыдыс пайдалануға жарамсыз деп танылып, дереу тасталады екен.
Бұрынғы заманнан «харам күндері» әйелдер ауыл шаруашылығмен айналыспаған. Су тасымаған, көрпе көктеп, іс тікпеген. Ежелгі наным-сенімдерге сәйкес, етеккірі келген әйел егістіке барса, егіннің қуатын алып қояды деп білген, бұдан егін бітік шықпай қалады немесе кеміргіштер қаптап кетуі мүмкін. Сондай-ақ бұл күндері әйелдің көзінен де негативті энергия шығады. Сондықтан харам күнінде жас сәбиге, басқа да сезімтал адамға қараған әйел оны көз тидіру арқылы ауыртуы мүмкін.
Айғаным,
журналист