











"Сбербанк" құрылғалы жақсылық жасау мен қайырымдылық жасауды бірінші орынға қойып келеді. Оның бірден бір дәлелі кешегі «Ұлы дала рухы» фестиваліне облыстық балалар үйінің тәрбиеленушілерін қатыстырып, олардың қолөнерлерінен жәрмеңке жасады. Балаларға арналған ойындар мен тәттілер де болды.
- Біз мына жерге келгенімізге өте қуаныштымыз. Жайлауда жүргендей сезіндім өзімді. Киіз үй, алтыбақан, бауырсақ.. бәрі күшті. Мен бұл фестивальге өзім салған суретті алып келдім. Бүгін мен үшін керемет демалыс болды, - дейді №1 облыстық балалар үйінің тәрбиеленушісі Томирис.





