Алғабастағы көпқабатты үйдің тұрғындары көшірілді

/uploads/thumbnail/20170709060918051_small.jpg

Алматының Алғабас ықшам ауданындағы №148 үйдің тұрғындары өз пәтерлерін босатты, - деп хабарлайды Qamshy.kz 24.kz - ке сілтеме жасап.

Адамдардың біраз бөлігі кеше көшіп кеткен. Қалғандары жүктерін бүгін алып кетті. Қалалық құрылыс басқармасының өкілдері үйдің іргетасы бекітілетінін мәлімдеді.
Бұл балақайдың енді басқа аулада ойнауына тура келеді. Құрылысшылар таңертеңнен бастап әткеншектер мен сырғанақтарды бұзуға кірісті. Бірнеше ай бұрын баспана алып, пәтерлерін жиһаз және тұрмыстық техникамен жабдықтаған тұрғындар да сол заттарды қайта шығарып әлек. 

- Уақытша пәтер жалдап тұруға мәжбүр болып отырмыз. Мен пәтер таппадым. Жүктерімді пәтер жалдап тұрып жатқан көршілеріме қоямын, ал өзім қаладан 1 бөлмелі пәтер жалдап тұрайын деп жатырмын. Оған екі айға 50 мыңнан 100 мың теңге қолыма берді. Өтемақы берді, - дейді Алғабас-6 ықшам ауданының тұрғыны Айгүл Байзақова.

№148 үйде тұрған отбасылардың бірқатарына Саялы ықшам ауданынан тұрақты түрде пәтер берілген. Кейбіреулері сол Алғабас ықшам ауданындағы басқа үйге жайғастырылған. Ал тағы бірнеше отбасыға қаладан уақытша пәтер жалдап тұруға өтемақы төленді.

- Жер асты суларының көтерілгеніне байланысты, топырақтың құрамының ылғалдануына байланысты шектен тыс ылғалдануына байланысты бұл жерде түпкілікті бекіту жұмыстарын қажет етеді. Сондықтан бұл жерде арнайы үлкен техникалар жұмыс істейтін болады, - дейді қалалық құрылыс басқармасының басшысы Мұхаммедғәріп Құрманғалиев.

Жалпы Алғабас-6 ықшам ауданында отызға жуық тоғыз қабатты үй бар. Құрылыс басқармасының басшысы солардың барлығының іргетасы бекітілетінін мәлімдеді. Оның ішінде тоғыз ғимаратта жұмыс шұғыл басталады.

- Мамандандырылған институттардың қорытындыларына байланысты шектен шықпайтын ауытқулар бар осы 9 үйде. Қалған үйлерді екінші кезекте біз ауытқуы болсын-болмасын бәрін бекітуін жасап шығамыз, - дейді қалалық құрылыс басқармасының басшысы Мұхаммедғәріп Құрманғалиев.

Ал 148-үйдің іргетасын бекітуге әкімдік өкілдері екі ай уақыт кетеді деп отыр. Бірақ тұрғындардың осы үйге қайта оралатыны әзірге белгісіз.

- Альтернативті тұрғын үй ретінде дәл осы Алғабас-6 шағын ауданындағы 133-үйдің де құрылыстары аяқталып, сол жерге де көшірілуге де мүмкіндігі болады. Яғни біткеннен кейін тұрғындар 133-үйді таңдайды, не болмаса өзінің мына қалпына келтірілген үйді таңдайтын болады, - дейді Құрманғалиев.

Сондай-ақ Алғабас-6 ықшам аудандағы арық жүйесі де толығымен күшейтіледі. Онсыз еңбектің еш кетуі әбден мүмкін.

Связанные Статьи