Өзбекстанда болашақ тақ иегері болуы мүмкін есімдер атала бастады

/uploads/thumbnail/20170709060930582_small.jpg

Өзбекстанда болашақ тақ иегері болуы мүмкін есімдер атала бастады. Олардың арасында елдің премьер-министрі мен Сенат басшысы және Ислам Кәрімовтің кіші қызы да бар, - деп хабарлайды Qamshy.kz КТК арнасына сілтеме жасап.

Өзбектің белгілі саяси сарапшылары қазірдің өзінде ел тұтқасын ұстайтын бірқатар есімдерді атап қойды.

Ең алдымен өзбек басшысының кіші қызы Лола Кәрімованың аты аталып отыр. Өйткені, Ташкенттегі Оксарай резиденциясында өткен бір жиында Ислам Кәрімовтің өзі Лоланы ізбасар еткісі келетінін мәлімдепті-міс.

Одан бөлек, саяси салмағы жөнінен Үкімет басшысы Шавкат Мирзяевтің аты озып тұр. Ол 2003 жылы Президент Кәрімовтің ұсынысымен премьерлікке келген болатын.

Алайда заң бойынша Сенат төрағасы Нигматулла Юлдашевтың да президент болу мүмкіндігі бар. Ал өткен сенбі күні ауруханаға жеткізілген президент Кәрімовтің хал-жағдайы алдағы бес күн ішінде жария етілмек. 

 

Связанные Статьи