Шығысқазақстандықтар олимпиадашыларды қарсы алды

/uploads/thumbnail/20170709060941176_small.jpg

Бүгін облыс тұрғындары әуежайдан Олимпиада ойындарында өнер көрсетіп, ел намысын қорғаған жерлес спортшыларын қарсы алды, - деп хабарлайды Qamshy.kz.

Риода өткен ХХХІ жазғы олимпиада ойындарының үш қарғып секіруден қола жүлдегері Ольга Рыпаковамен бірге ауыр атлетші Денис Уланов, диск лақтырушы Евгений Лабутов, жеңіл атлетші Ирина Смольникова, 400 м қашықтыққа жүгіруден жеңіл атлетші Элина Михина мен байдаркада жекелей есуде өнер көрсеткен Екатерина Смирнова келді.

Даңқты спортшыларды жанкүйерлер атынан ШҚО әкімінің орынбасары Жақсылық Омар құттықтады.

– Ольга Рыпакова – Олимпиада ойындарына өнер көрсетіп, Қазақстан атынан жеңіл атлетикадан жүлделі болған жалғыз спортшы. Елбасымыз айтып өткендей, Ольга Рыпакова тек спортшы ғана емес, сонымен қатар ол батыр ана, – деді Жақсылық Омар.

Өз кезегінде Ольга Рыпакова жанкүйерлеріне көрсеткен қолдаулары үшін алғысын білдірді.

 – Риода өткен Олимпиададан кейін мен тағы бір жарысқа өнер көрсетуге аттанып кеттім. Сондықтан, екі сайыстан кейін Шығыс Қазақстанға, Өскеменге жету мен үшін үлкен қуаныш. Әр күн сайын әлеуметтік желілерде қолдау мен тілек білдіргендеріңіз үшін алғыс білдіремін. Сіздердің қолдауларыңызсыз біздің жетістігіміз де болмас еді, – деді Ольга Рыпакова.

Связанные Статьи