Иракта той үстінде жарылыс болып, 18 адам бақилық болды (Видео)

/uploads/thumbnail/20170709061117256_small.PNG

Ирактың Эйн ат-Тамур қаласында жарылыс болып, 18 адам қайтыс болды. Тағы 26 тұрғын жарақат алған. Шабуылды 5 жанкешті ұйымдастырған, - деп хабарлайды Qamshy.kz 24.kz - ке сілтеме жасап.

Олар алдымен автоматтан оқ жаудырып, кейін жарылғыш затты іске қосып үлгерген. Лаңкестердің көзін полицейлер жойып үлгерді. Сонымен бірге экстремистердің қолында мылтықтар мен гранаталар болған. Қырғынды «Ирак пен Левант лаңкестік тобы» өз мойнына алды. Үйлену тойы шиіттік ағым өкілдеріне тиесілі. Айта кетейік, Эйн ат-Тамур қаласы шиіттер үшін қасиетті саналатын Кербела шаһарынан 40 шақырым жерде орналасқан.

Связанные Статьи