"Егемен Қазақстан" газеті жаңа форматта шығады

/uploads/thumbnail/20170709061159287_small.jpg

"Егемен Қазақстан" газеті 1 қыркүйектен бастап жаңа дизайнда түрлі түсті форматта шыға бастайды, - деп хабарлайды Qamshy.kz.

Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз жиынында «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ басқарма төрағасы Дархан Қыдырәлі мәлімдеді.

-Бір ғасырлық тариxы бар еліміздің басты газеті «Егемен Қазақстан» соңғы бір айдың ішінде өзінің стратегиялық даму концепциясын жасады. Соған сәйкес өзгерістер көп. Алдымен газеттің логотипін дайындадық. Жаңа логотипте газеттің ғасырлық тариxы көрініс тапқан, - дейді Дархан Қыдырәлі.

Оның айтуынша, газеттің жаңа мекеті шетелдік басылымдарды саралай отырып жасалған. Газеттің алғашқы бетіндегі «Егемен Қазақстан» деген атаудың қарпінен бастап өзгеріске ұшырағанын айтты.

Басқарма басшысының айтуынша, еліміздің бас газеті бір бетін спортқа арнайтын болады.

-Сондай-ақ, экономикалық талдауаларға, саяси шолуларға, әлеуметтік мәселелерге, инфографикаға, фоторепортажға көңіл бөлуді жоспарлап отырмыз. Қазіргі кезде газет А2 форматымен шығып жүр. Болашақта -А2 форматына көшуді ойластырудамыз. Бұл бірден бола қоятын шаруа емес. Себебі, біздегі баспаxаналардың мүмкіндігі әзірге оған жете бермейді», - дейді «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ басқарма төрағасы Дархан Қыдырәлі.

Айта кетейік, бас газеттің жаңа форматтағы үлгісі алдымен Астана қаласының оқырмандары үшін қолжетімді болмақ. Ал келер жылдан бастап еліміздің барлық өңіріне жаңа форматпен тарайтын болады.

Связанные Статьи