Түрік әскері 157 содырдың көзін жойды

/uploads/thumbnail/20170709063053307_small.jpg

Түрік жауынгерлері Иракпен шекаралас Хаккяри провинциясының Чукурджа ауданында «Күрдістан жұмысшы партиясының» 157 содырын қырып салды. Бұл туралы елдің Қарулы күштері мәлім етті, - деп хабарлайды Qamshy.kz 24.kz -ке сілтеме жасап.

Естеріңізде болса, өткен сенбіде бір топ күрд жасағы жауынгерлерге оқ жаудырып, қарулы қақтығыста 7 әскер жер жастанған болатын. Соның салдарынан аймақта әуе мен құрлық арқылы ауқымды әскери операция басталып, содырларға тиесілі екі зениттік артиллерия 7 Калашников автоматы мен қолдан жасалған 17 бомба және зеңбіректер мен оқ-дәрілер тәркіленген.

Связанные Статьи