СҚО-да игерілмеген жерлер мемлекетке қайтарылды

/uploads/thumbnail/20170709063054885_small.jpg

Солтүстік Қазақстан облысында мақсатсыз пайдаланылған 115 ауылшаруашылық жер телімі мемлекетке қайтарылды. Оның жалпы қадастрлық құны 10 млрд теңгеге бағаланған, - деп хабарлайды Qamshy.kz 24.kz - ке сілтеме жасап.

Прокурорлар кейбір фермерлердің жерге күтім жасамай, құнарлығын нашарлатып жібергенін анықтады. Егін екпей, салықтан жалтарып келгендері де бар. Қадағалаушы орган қызметкерлері жайбасарлыққа жол бергендерді әкімшілік жауапқа тартып, 135 млн теңге өндірді. Бүгінгі таңда облыс бойынша 500 мың гектар жер қайтадан айналымға шығарылды. Енді олар байқау арқылы басқа агроқұрылымдарға беріледі.

- Қайтарылған жерлер ауыл шаруашылығы айналымына шығарылды. Біз оларды ынталы шаруалардың қолына береміз. Талап қатаң. Байқауға түскен агроқұрылымдардың материалдық-техникалық базасы толық болуы тиіс, - дейді облыстық прокуратура басқармасының аға прокуроры Гүлмира Бопанова.

Связанные Статьи