Қажылық жасауға арнайы рұқсаты жоқ 188 747 жан Сауд Арабиясы аумағынан кері қайтарылды. Бұл жайында Мекке қаласының полиция төрағасы Саид бин Салям әл-Карни мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Qamshy.kz muslim.kz - ке сілтеме жасап.
Сондай-ақ, қажыларға жасанды рұқсат қағазын сатумен айналысқан 44 туристік компания жұмысы да әшкереленген.
Айта кетейік, қажылық квотасы Сауд Арабиясы королдігінің шешімімен әр мемлекетке түрлі деңгейде бөлініп беріледі.