Қажылыққа заңсыз барған 190 мыңға жуық адам кері қайтарылды

/uploads/thumbnail/20170709063250902_small.jpg

Қажылық жасауға арнайы рұқсаты жоқ 188 747 жан Сауд Арабиясы аумағынан кері қайтарылды, - деп хабарлайды Qamshy.kz muslim.kz – ке сілтеме жасап.

Бұл жайында Мекке қаласының полиция төрағасы Саид бин Салям әл-Карни мәлімдеме жасады.

Сондай-ақ, қажыларға жасанды рұқсат қағазын сатумен айналысқан 44 туристік компания жұмысы да әшкереленген. Айта кетейік, қажылық квотасы Сауд Арабиясы королдігінің шешімімен әр мемлекетке түрлі деңгейде бөлініп беріледі. 

Связанные Статьи