Алматыда қоқыс жәшігінен денесі бөлшектелген адам мәйіті табылды (Фото, видео)

/uploads/thumbnail/20170709063452576_small.jpg

Алматыда қоқыс жәшігінен денесі бөлшектелген адам мәйіті табылды, - деп хабарлайды Qamshy.kz zakon.kz - ке сілтеме жасап.

Райымбек пен Абылай хан даңғылдарының қиылысында қоқыс жәшігінен ақтарған тұрақты мекен-жайы жоқ адамдардың бірі тауып алған. Жәшкітен сөмке тауып алып ашқанда, ішінен екі пәкет шығады. Пәкеттердің бірінен 25-30 жас аралығындағы ер адамның кесілген басы, ал екіншісінен аяқ-қолдары шыққан. Кісі көп жүретін көшеге қарай жүрген ол сол жерден жол полициясы экипажын көріп, оқиға орнына алып барған.

Оқиға болған жерге жеткен полицейлер бұл туралы жедел-орталық кезекшілік қызметкеріне хабар береді.  Аталған жерге тез арада жедел тергеу тобы мен криминалистер жетеді. Төңірек қоршауға алынды.

Полицейлер бөлшектелген денесі табылған ер адамның есімін анықтады.

Құқық қорғау органдары қаза болған адамның есімін жариялаған жоқ. Сонымен қатар, ер адамды өлтірді делінген азаматтың кім екені мен қылмыс болған пәтерді де анықтаған. ҚР ІІМ ресми өкілі Алмас Сәдубаевтың айтуынша, ер адамның мәйітінің табылуына байланысты сотқа дейінгі тергеу жұмыстары ҚР қылмыстық Кодексінің 99-бабы ("Кісі өлтіру") бойынша жүргізіліп жатыр.

Связанные Статьи