Кабулда шабуыл жасаған содырлардың көзі жойылды

/uploads/thumbnail/20170709063450951_small.jpg

Ауғанстан астанасы Кабулдың орталығында халықаралық қайырымдылық ұйымның штаб-пәтеріне шабуыл жасаған барлық 3 содырдың көзі жойылды, - деп хабарлайды Qamshy.kz 24.kz - ке сілтеме жасап.

Олар алдымен 2 жарылыс жасап, сосын ғимаратты басып алған. Полициямен арадағы атыс 11 сағатқа созылып, бір бейбіт тұрғын ажал құшты. Тағы жүзден астам адам жараланды. Ал осының алдында 2 жанкешті Қорғаныс министрлігі ғимаратының жанында өзін-өзі жарып жіберген еді.

Соңғы мәлімет бойынша, лаңкестік әрекеттерден қаза тапқандар саны 35 адамға жетті. Марқұмдардың арасында Ауғанстан президентінің күзет қызметі басшысының орынбасары мен жоғары шенді полиция қызметкерлері бар. Шабуылдарды «Талибан» экстремистік қозғалысы өз мойнына алған.

Связанные Статьи