Астанада Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысумен кеңейтілген отырыс өтеді.
Кәрім Мәсімов үкіметінің биліктен кетуі жұма күні, қыркүйектің 9 күні болуы мүмкін,- деп хабарлайды Qamshy.kz Zakon.kz сайтына сілтей отырып. Бұл туралы агенттікке хабарлаған дереккөз Астанадағы жағдаймен жақсы таныс адам көрінеді.
Агенттіктің ақпарат берушісі « Үкіметтің биліктен кетуі» — мүмкін деді. Мәсімов алғаш рет 2007 жылы Кабминді басқарып, бұл қызметте 2012 жылға дейін жұмыс атқарды.
2012 - 2014 жылдар арасында Қазақстан президент әкімшілігі төрағасы қызметін атқарды. 2014 жылдың сәуір айында қайтадан Қазақстан үкіметін басқарды.
Осы жұма, қыркүйектің 9 күні, Астанада Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен кеңейтілген отырыс өтеді.