Алматыда мүрдесі бөлшектеліп, қоқыс жәшігіне тасталған марқұмның туыстары табылды

/uploads/thumbnail/20170709064347944_small.jpg

 Алматыдағы пәтерлердің бірінде денесі бөлшектеліп табылған ер адам Кентаудан келген, - деп хабарлайды КТК телеарнасы. Бүгін қанды оқиға жайлы кей деректер белгілі болды. Сот сараптамсы орталығында өлімнің нақты себебі екі аптадан кейін анық болады деген.

 Естеріңізге салсақ, осыған дейін Абылай хан және Райымбек даңғылдарының қиылысында орналасқан үйдің ауласындағы қоқыс жәшігінде ер адамның дене мүшелерін тапқаны жайлы айтылған еді. Алдын ала мәлімет бойынша, адамның қалдықтары - басы және қолы. Ол контейнердің ішіндегі мүшелерді қоқыс жәшіктерін қарап жүрген үйсіз адам көрген. Полицейлер тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр, куәгерлерді сұрастырып жатыр. Оқиға орнына қалалық ІІД-нің басшысы Серік Күдебаев келді. Сондай-ақ оқиға орнында прокурорлар да жұмыс жасап жатыр. 
 

Оставить комментарий

Связанные Статьи