"Қазгидромет" РМК бас директоры ауысты, - деп хабарлайды Qamshy.kz Tengrinews.kz сілтей отырып. Бұл қызметке Марат Қынатов келді. Бұған дейін ол "Павлодар" арнайы экономикалық аймақ басқару компаниясы" АҚ-ны басқарған.
"Қазақстан Републикасы Энергетика министрінің бұйрығымен "Қазгидромет" республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жаңа бас директор - Қынатов Марат Полатұлы тағайындалды", - делінген кәсіпорынның сайтында жарияланған хабарламада.
Сонымен қатар, Қынатов Қазақстан Республикасы Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігінің басқару және қаржы департаментінің директоры болған. "ЖамбылГидроЭнерго" жауапкершілігі шектеулі серіктестігін басқарған.
Оставить комментарий