Алматыда әділдік іздеп ашынған ақжаулықты ана, бүгін ерекше қарсылық акциясын өткізді. Қаланың қақ ортасында үстіндегі көйлегін шешіп тастаған кейуана, өзін мұндай қадамға баруына әкімдік қызметкерлерін айыптайды, - деп хабарлайды Qamshy.kz 31-арнаға сілтеме жасап.
Тұл денесіне алтын алқасын тағып, араша сұраған қорғансыз ана. Егде тартқан ақжаулықты жанның көкірегін қарс айырып, киімін шешіп тастайтындай ашуына тиген нәрсе – ол осыған дейін көрген қиындықтар мен әділетсіздіктер. Фатима апа инсульт алып үйде жатқан отағасы мен отбасын асырау үшін мына жеміс-жидек сататын дүңгіршекті орнатқан. Әкім-қаралар ай сайын салығын төлеп тұрамын десе де саудаға рұқсат бермепті. Күнімізді көру үшін жасап отырған соңғы үмітіміздің де күл талқаны шыға ма деп күйініп отыр кейуана.
ФАТИМА РАҚЫМБАЕВА, Көп балалы ана:
- Милициясы бар, әкімі бар ма, келді бүгін таңертең. Мен 40 жыл жолдасыммен өмір сүрген болсам, менің тәнімді тек жолдасым көрген, жалаңаш тәнімді. Менің көгірегімді он балам емген... Қазір осы жерде мыңдаған халық өтіп жатыр...
20 жыл бұрын Фатима Рақымбаева туған-туыстарының қал дегеніне қарамай, отбасымен Қазақстанға оралған. Алматыдағы ескілеу үйін сатып, "Ақкент" ықшамауданынан бөліп төлеу бойынша түріктің "Айт-Хаузинг" компаниясынан пәтер алады. Алайда айлық төлем ақысы қымбатқа түсіп, бірнеше жыл тұрып келген үйдің төлем графигін арзандатып қайта құруға келіспеген түркиялық компания сот арқылы босатуды талап етеді. Ал қала әкімі Бауыржан Байбектің атынан ешкім үйден шығарылмайды деп қанша уәде берілсе де, Фатима апаны баспанасынан қуып шыққан. Қазір пәтер жағалап жүр.
ФАТИМА РАҚЫМБАЕВА, Көп балалы ана:
- Қазір біреудің үйіне кірдім 150 мың теңге айына төлеп. Мен енді не істеймін әрі қарай? Қалай өмір сүрем? Жолдасым инсульт, түк сезбейді. Өзім сахарный диабет, оған қосылып асқазаным ауырды. Енді не істеймін мен?
Тұрғындар көп балалы ананың жұрттан қайыр сұрамай, адал еңбек етуіне мүмкіндік берсе дейді.
ҚАМБАР БЕЙСЕНБАЕВА, Тұрғын:
- Они хотять своим честным трудом заработать. Хоть эти копейки чтобы им было на кусок хлеба, на чай, нун на одежду.
Кейуананың Алматы қаласындағы мемлекеттік мекемелерден көңілі әбден қалған. Қаншасының табалдырығын тоздырған. Етегі жасқа толып, кемсеңдеген ана енді кімнен көмек сұрарын білмейді.
Оставить комментарий