"Қазгидрометтің" бастығы ауысты

/uploads/thumbnail/20170709064349538_small.jpg

"Қазгидромет" РМК бас директоры ауысты, - деп хабарлайды  Qamshy.kz  Tengrinews.kz  сілтей отырып. Бұл қызметке Марат Қынатов келді. Бұған дейін ол "Павлодар" арнайы экономикалық аймақ басқару компаниясы" АҚ-ны басқарған. 

"Қазақстан Републикасы Энергетика министрінің бұйрығымен "Қазгидромет" республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жаңа бас директор - Қынатов Марат Полатұлы тағайындалды", - делінген кәсіпорынның сайтында жарияланған хабарламада. 

Сонымен қатар, Қынатов Қазақстан Республикасы Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігінің басқару және қаржы департаментінің директоры болған. "ЖамбылГидроЭнерго" жауапкершілігі шектеулі серіктестігін басқарған.

Қатысты Мақалалар