Біздің редакцияның журналисіне элиталы жезөкшелердің бірімен сұхбаттасу сәті түсті. Төмендегі материал осындай жолмен нан тауып жүргеніне 4 жыл болған С. есімді Алматылық қыздың аузынан жазылып алынды.
Тоқал болу — жоғары деңгейдің белгісі

Тоқал — қазақ қоғамында бұрындары жағымды статусқа ие болған. Бәйбішемен тең құқы бар, жас, жарының сүйікті, қылықты теңі. Кей кездерде әмеңгерлікпен келген, кей кезде кәрі қыздардың проблемасын шешу мақсатында бір байдың екінші әйелі болып жатса, бәйбіше «бедеу» болғанда да тоқал алып түрлі проблемалар түйінін шешуге тырысқан. 21-ші ғасырда тоқал болуға жас қыздар ғана келісімін беріп жатады. Оның өзі материалдық проблемалар түйінін шешу үшін ғана.
— Алматыда әрбір бесінші қызды «Элиталы жезөкше» десеңіз де болады. Қазір Саин көшесі бойында кәрі әйелдер мен түрі нашар, өзіне қарамайтын көше жезөкшелері тұрады немесе олар арзан қонақ үйлер мен сауналарды жағалап клиент іздеп жүреді. Біз болсақ ондай «арзан» жерлерде жүрмейміз. Біздің арнайы отыратын орнымыз бар. Ол жерде қыздарды түрі мен фигурасына қарап алады. Және жасың отыздан аспауы тиіс. Біз күнде кешке жұмысқа барғандай барамыз. Әдемі көйлек, биік өкшелі каблук, кәсіби макияж, маникюр, педикюр мен прическаң болуы тиіс. Шет тілдерін білсең, жақсылап ән айта алсаң ставкаңда жоғары. Бізге келетін қонақтың көбі шет елдіктер. Біреуі бизнесмен, біреуі бір компанияның директоры, тағы біреуі Астанадан келетін министрлер, -дейді С.

Кофе және чай: Заманауи Гейшалар
— Мұндағы қыздардың екі түрі болады: «Чай» қыздар, яғни келген қонақтардың көңілін көтеріп, солармен бірге ішіп, ән айтып, би билеп, «счетты раскрутка» жасайтындар, бұлар ары қарай интим қызмет көрсетпейді. Соған орай отырған бағасы да 5000 теңге, одан әрі қонақтың ризашылығына орай бағалар кете береді. Көбіне мұндай жұмыстарды оқу ақысын төлей алмай жүрген студент қыздар істейді. Бірақ, «чай» қыз ішімдіктен бас тартпауы тиіс.
"Кофе" қыздар, интим қызмет көрсетеді. Келген қонақ қыздарды өз қалауына қарай таңдайды. «Кофе» қыздар қонақтардың көңілін де көтереді, «счет раскруткасында» жасайды, ішімдікті де ішеді, ары қарай қонақ үйге де бірге кетеді. Олардың қызмет ақылары да жоғары. Бір реттік қызмет құны 100 доллар. Бірақ, ондағы қыздар одан да жақсы ақша табады. Шет елдік қонақтар өте «жомарт». Көңілін тапсаң бір түнде «500-1000» долларды оп-оңай бере салады.

Қазақ ағаларды емес, шет елдіктерді ұстауға тырысамыз
Қазақтар көп келе бермейді. Үлкен –үлкен шенеуніктер қыздарды резерв жасап, Астанаға екі-үш күнге жақсы бағаға алып кетіп жатады. Олар келген күннің өзінде өзбек пен орыстың қыздарын кіргізуге тырысамыз. Себебі, қазақтар ақшаңды толық бермейді, қыздармен қалай болса солай өктем сөйлеседі, кейде ақыл айтып, ұялтып, жылатып та жатады. Болмаса бір-біріне қарап «Мыналарды кейін балаларымыз келін-ғып әкеп тұрмасын», «Құдай оның бетін ары қылсын» деп көзімізше неше түрлі әңгімелер айтып жатады. Шет елдіктермен бізге «проще», ақшаңды аямай береді, ертесі мейрамханалар мен қымбат сауда үйлерін аралатады. Талай қыздарымыз солардың арқасында үйден үй алып, машинадан машина мініп, өз бизнестерін ашып кетті,- дейді дерекөз.
- Шет елдіктер дегеніңіз қай ұлттың өкілдері ?
- Қытайлар мен кәрістер негізінен. Тұрақты келетін қазақ клиенттер де бар.

Тоқал болғаннан да, «кофе қыз» болған жақсы
Тоқал болғаннан да, кофе қыз болған жақсы. Тоқал болсаң, сен бір ғана адамға тиесілісің. Кофе болып жүрсең, ерік өзіңде. 3-4 қонақпен қатар жүруіңе болады. Еркіндігің бар, кез-келген уақытта кете беруіңе болады. Оның үстіне шет елдіктер біздің елде уақытша жүргендер, сол үшін олармен кездесіп тұрғанның өзінде қалағаныңды әперіп, жағдайыңды жасайды. Ал, қазақтарға тоқал болу қиын. Бала тауып беру керексің. Бірге жүру керексің, әңгімесі көп,- дейді тұтқаның ар жағындағы С. атты осы салада жүрген қазақ қыз.
— Сіздің бұл салада жүргеніңізге қанша уақыт болды?
— Маған биыл 4-ші жыл. Алғаш «чай» болып бастағанмын, кейін «кофедегілердің» көп ақша табатынын көріп,солай қарай ауысып кеттім. Бұл бір «болота», бір рет ішіне кірсең, ешқашан шыға алмайсың. Біздің арамызда банк пен ірі компанияларда, телевизияда, шоу-бизнесте жұмыс істейтін қыздар да бар. Олар күндіз кәдімгі жұмыста отырады, кешке осы жұмысқа келеді. «Жирный клиент» тауып алсаң, клубқа келудің де керегі жоқ. Жеке өзіне ғана барып тұруыңа болады.
«Жоғарғы класс» қыздар шет елде жұмыс істейді

Ағылшын тілін білетін қыздар Түркия мен Дубайға шығып жұмыс істеп тұрады. Ол жақпен біздің «мадамдар» келісіп береді, суретіңді жібересің, түрің, фигураң ұнаса, билетіңді, жататын орныңды дайындап, өздері шақырады. Сөйтіп екі-үш айға барып келетін қыздар көп. Ондай жаққа тіл білетін, жоғары білімі бар, бастық адамдармен сөйлесе алатын, бойы мен аяғы ұзын қыздар барады. Көбіне шашы сары, көзі көк орыс қыздарды сұрайды. Сондықтан шашымызды бояп, көзімізге көк линза тағып, орыстың қыздарымыз деп барамыз.
