ШҚО-да қазақстандықтарды Конституцияның мазмұнын толық біліп алуға шақырды

/uploads/thumbnail/20170709071110280_small.jpg

Конституция күні қарсаңында өңірдегі мемлекеттік қызметкерлер еліміздегі негізгі Заңның мағынасы, мемлекеттің қалыптасу жолын анықтаған тарихи таңдау туралы облыстық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізді.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің ШҚО бойынша департаменті басшысының міндетін атқарушы Қайрат Сапарғалиевтің айтуынша, жаңа Конституция адам өмірі, құқықтары мен бостандығын мемлекеттің жоғары құндылықтары ретінде бағалап, Қазақстан дамуының негізін қалады.

«21 жыл ішінде біздің еліміз қиын, бірақ лайықты жолдан өтті, мемлекеттілікті нығайту, экономикалық өсу, Қазақстанның өмір сүру сапасын және мемлекеттің халықаралық беделін арттыру үшін көп дүниелер жасалды. Бүгін біз қазақстандық даму туралы мол сеніммен айта аламыз. Біздің экономика мен қоғамды жаңғырту моделімізді дүниежүзілік қауымдастық оң қабылдап, тиімді және болашағы зор деп бағалауда. Конституция - елдегі әрбір азаматтың құқықтары мен бостандықтарының кепілі. Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтiк мемлекет ретінде жариялайды».

Қ.Сапарғалиев Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» жаңа Заңы қабылданғаннан кейін, барлық азаматтар үшін мемлекеттік қызметке тұру ашық конкурс арқылы өткізілетінін атап өтті. 

«Достық үйі - қоғамдық келісім орталығы» Қоғамдық келісімі Кеңесінің төрағасы Лео Шик Қазақстан халқы бірлігін қамтамасыз етудегі Конституция рөліне ерекше мән берді. ШҚО Әділет департаменті басшысының орынбасары Әл-Сейіт Бейсембек барлық азаматтарды Конституция мазмұнын, еліміздегі басты Заңның шарттары мен талаптарын толық білуге шақырды және еліміздің әрбір азаматы мемлекеттік рәміздерді сақтауға және құрмет тұтуға міндетті екен атап өтті. 

Связанные Статьи