ШҚО басшысы Даниал Ахметов «ЛК ГЭС» ЖШС-да болды

/uploads/thumbnail/20170709071123499_small.jpg

ШҚО басшысы Даниал Ахметов «ЛК ГЭС» ЖШС-да болды, құрылыс және ауыл шаруашылығы нысандарын аралады, орман шаруашылығы және туризм салаларындағы жобалармен танысты, жеке сұрақтар бойынша азаматтарды қабылдады және Риддердегі үй құрылысы мәселесі бойынша жиын өткізді, деп хабарлады облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Облыс әкімі Даниал Ахметов алдымен Риддердегі «ЛК ГЭС» ЖШС-ға соқты. Үлбі өзеніндегі гидроқұрылымды қалыпқа келтіру жұмыстары қызу жүріп жатыр. Кәсіпорын басшылығының жоспарына қарай жыл соңына дейін екі турбина іске қосылады. Олар  24 МВт  электр энергиясын өндірмек.

Кейін өңір басшысы «Орман шаруашылығы және агроорманмелиорациясы қазақ ғылыми-зерттеу институты» ЖШС Алтайлық филиалында болды. Мұнда орман өнімдерін қайта өңдеу саласындағы жобалар таныстырылды. Даниал Ахметов бизнес-жоспарлар әзірлеуді тапсырды.

Риддер қаласында Мичурин көшесінің бойында салынып жатқан 280 орындық балабақша ұзақ мерзімді құрылыстардың қатарында. Облыс басшылығы аталған нысанға бөлінген қаржыны қайтарып, өзге нысандарға үйлестіру мәселесін көтерген. Алайда оның құрылысын өзге мердігер қолға алды. Ол облыс әкіміне балабақша жыл соңына дейін қолданысқа берілетінін айтып сендірді.

«Нұр Отан» партиясының Риддерлік филиалының ғимаратында Даниал Ахметов жеке мәселелер бойынша азаматтарды қабылдады және Риддер қаласындағы үй құрылысы мәселесі бойынша жиын өткізді.  Жиын қорытындысы бойынша екі үйдің құрылысы үшін қаражатты облыстық бюджеттен бөлу шешімі қабылданды.  Пәтерлер Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс банкі желісі бойынша тапсырылады.

Риддерде әкім хоккей модулін қайта құрылымдау жұмыстарымен танысты, «Дудкин С.Н.» шаруа қожалығының 400 бас мал ұстайтын сүтті-тауарлы фермасында болды.

Жұмыс сапарының соңында облыс әкімі «Синегорье» демалыс базасына соқты. Мұнда туризм бойынша жобалар таныстырылды. «Arman Village» жобасы бойынша Даниал Ахметов бизнес-жоспар құрып, оны қарастыруды тапсырды.  

Связанные Статьи