Жыл басынан бері Алматы облысы 269,3 млрд. теңге инвестиция тартты. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслиxатында Алматы облысы әкімінің орынбасары Бақтияр Өнербаев мәлім етті.
"Инвесторлармен тығыз қарым-қатынас орнату - біздің жұмыстың басты бағыттарының бірі. Жыл басынан бері Алматы облысы 269,3 млрд. теңге инвестиция тартты. Бұл бюджетке түсетін салықтық түсімдердің көлемін ұлғайтады. Өз кезегінде ол экспорт пен республикалық бюджеттік субвенция үлесін төмендетіп, жұмыспен қамтуға жағдай жасайды", - деді аймақ басшысының орынбасары.
Оның мәліметтері бойынша, облыста соңғы 7 айда 14 мыңнан астам жұмыс орындары құрылған.
"Жұмыспен қамту - Мемлекет Басшысының басты тапсырмаларының бірі. Соның арқасында ғана облыс өзін-өзі қамтамасыз ете алады, еліміздің берік тылына айналады", - деп атап өтті Б. Өнербаев.
"Сонымен қатар былтыр инвесторлардың арқасында Көксу ауданында қант зауыты іске қосылды. Биыл Ақсу қант зауыты қалпына келтірілуде. Осылайша, Алматы облысы қолда бар мүмкіндіктерді пайдаланып, елді қантпен қамтамасыз етуге ат салысуда. Тіпті болашақта экспортқа шығатын мүмкіндікті қолға алады", - деп атап өтті ол.