Әкімдік Алматы облысында 103 көпірді қалпына келтіруге уәде берді

/uploads/thumbnail/20170709071147265_small.jpg

Алматы облысында 2019 жылға дейін барлық апатты көпірлер толықтай қалпына келтіріледі. Бұл туралы ОКҚ-да баспасөз конференциясында Алматы облысы әкімінің орынбасары Бақтияр Өнербаев хабарлады.

Оның деректеріне сәйкес,  қазіргі уақытта Алматы облысында 103 көпір апатты жағдайда тұр.

«Қазір апатты көпірлерді қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Жобалау-сметалық құжаттама әзірленді, барлық материалдар сараптамаға жіберілді. Мемлекеттік сараптама алғаннан кейін жергілікті бюджеттен қалпына келтіру үшін қаражат бөлінеді. Қадамдық жоспар, бағдарлама әзірленді, оған сәйкес 2017-2019 жылдары барлық көпірлер қалпына келтіріледі», - деді журналистердің сұрағына жауап берген облыс әкімінің орынбасары.

Еске салсақ, әкімдік деректеріне сәйкес, Алматы облысының өңірлік маңызы бар жолдарында бүгінде 244 көпір орналасқан. Оның жартысы апатты жағдайда.

Алматы облысы әкімдігінің деректеріне сәйкес 2016 жылғы 1 тамызда мемлекеттік бюджетке 139,2 млрд теңге түсті, болжам 111,2%-ға орындалды. Республикалық бюджетке 64,1 млрд. теңге түсті және болжам 112,1%-ға орындалды, жергілікті бюджетке  - 75,1 млрд. теңге (110,5%) түсті.

Связанные Статьи