ҰЛТТЫҚ ҚОРДЫҢ КІРІСІНЕН ШЫҒЫСЫ АРТҚАЛЫ ОТЫР

/uploads/thumbnail/20170709071603675_small.jpg

Ұлттық экономика министрлігінің хабарлауынша 2017 жылы Ұлттық қордан алынатын трансферттер қор кірісінен 1,4 триллион ттеңгеге артпақ. Ұлттық қордың активтері 2019 жылы 63,4 млрд доллардан (2015 жылғы көрсеткіш) 50,7 млрд долларға дейін қысқармақ, - деп хабарлайды Qamshy.kz.

Үкімет әлі де Ұлттық қордан алынатын трансферттер көлемін сақтауға мәжбүр болып отыр.

«Мұнай бағасының төмендеуі кезеңінде Ұлттық қорды сақтап қалу маңызды. Бірақ, әзірге базалық болжамдар бойынша Ұлттық қордан алынатын трансферттер көлемі оның кірісінің көлемінен артық болады. Осыған байланысты біз 2018 жылдан бастап Ұлттық қордан алынатын қаражатты қысқартамыз. Қазіргі уақытта біз Ұлттық қор қаражатын басқару тұжырымдасасын әзірлеп жатырмыз, ол осы жылдың аяғына дейін даярланып, Үкімет қарауына ұсынылады», - деген болатын Мәжілістегі Үкімет сағатында Ұлттық экономика министрі Қуандық Бішімбаев.

Министр сондай-ақ, 2016 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша елдің халықаралық резервтері жыл басынан бері 4,6 пайызға өсіп, 95,6 миллиард долларды құраса, Ұлттық қор активтері 2,1 пайызға өсіп 64,9 миллиард долларға жеткенін де айтты.

Депутаттар болса, Ұлттық қор қаражатын сақтап қалу үшін экономиканың ішкі мүмкіндіктерін пайдаланып, жеке инвестициялар мен кәсіпкерлікті дамытуға көңіл бөлу керектігін айтып отыр.

Бұған дейін порталымызда Қазақстанның сыртқы қарызы соңғы төрт жылда сегіз есе өскені туралы жазған болатынбыз. 

Оставить комментарий

Связанные Статьи