Америкадағы биология пәнінің мұғаілімі бес оқушымен жыныстық қатынасқа түскені үшін тек бес жылдық шартты жазаға кесілді деп жазады «The Independent».
Нэшвиллада тратын Маркита Элстон есімді мұғалім өзінің азғындық әрекеті үшін өкінбейтінін айтты. Мұғалім оқиғаны біле тұра оны тоқтатуға тырыспаған мектеп басшылығын да кінәлады.
Бұған дейін белгілі болғандай, мұғалім он жеті жасар бес оқушымен жыныстық қатынасқа түскен. Ол бұндай азғындық түрімен 2014 жылдың қыркүйек және қараша айлары арасында айналысқан. Алайда полиция оның қылмысын тек 2016 жылы ғана дәлелдеген. Мұғалім тұтқындалған соң оның оқушылармен жыныстық қатынасқа мектеп ауласында ғана емес сынып бөлмесінде түскені анықталған. Қазір 24 жасар мұғалім мектепте жұмыс істемейді, оны ақы төленбейтін демалысқа жіберген. Ал іс қозғалған кезде Маркита өз еркімен қызметінен кеткен.
Оставить комментарий