Жақында Қазақстан Үкіметінің жетекшісі қызметіне кіріскен Бақытжан Сағынтаевтың жаңа баспасөз хатшысы болып Қыдырма Айдос Арғынбайұлы тағайындалды, - деп хабарлайды Qamshy.kz «Егемен Қазақстан» газетіне сілтеме жасап.
Айдос Қыдырма 1976 жылы Алматы облысында туған, “Анкара” университетін заңгер мамандығы бойынша бітірген. БАҚ саласы бойынша Қазақстан Республикасы Президенті сыйлығының, “Құрмет” орденінің иегері.
Бұған дейін біраз жыл “Қазконтент” акционерлік қоғамын басқарған.
Оставить комментарий