Екі дүркін Олимпиада чемпионы, зілтемірші Илья Ильин Ақтауда ел алдына шығып, сахнада брейк биледі, - деп хабарлайды Qamshy.kz.
Ол Aktau Open Fest-2016 фестиваліне қатысып, ел назарын аудартты.
«Мінеки, достар, Aktau Open Fest-те менің «Break dance» биін билеген сәтім. Сіздерге ұнайды деп ойлаймын», – деп жазды спортшы инстаграм парақшасында.
Желі қолданушылары Ильиннің өнеріне тәнті болды.
«Жарайсың», «Әдеттегідей красавчик», «Мынадай чемпионды қалай құрметтемейсің?», «Бәріне уақыт табады. Сені мақтан тұтамыз», «Сегіз қырлы, бір сырлы», – дейді желі қолданушылары.
Оставить комментарий