Петропавл мен Ақтөбедедизелmотынының құны қымбаттап, 135 теңгеден сатылып жатыр. Аталмыш жағармай түрінің өзге аймақтардағы бағасы да әртүрлі. Жылдағыдай әдетіне басқан дизель құнының қалалардағы баға айырмашылығы 15 теңгеге жеткен,- деп хабарлайды Qamshy.kz31 арнаға сілтеме жасап. Мәселен, Таразда 1 литр дизель бағасы 120 теңге. Петропавл мен Ақтөбеде 129-135 теңге аралығында болса, Атырау, Семей, Қарағандыда 129 теңгеден сатылып жатыр. Бағаның бұлайша шарықтап кетуіне Энергетика министрлігінің тамыз айының басында дизель бағасын еркіндікке жіберуі себеп болып отыр. Министрлік дизельдің нарықтағы бағасы 115 теңгеден аспайды деген еді.
Оставить комментарий