Селфи жасаймын деп тоққа түсті

/uploads/thumbnail/20170709072818563_small.jpg

Иркутск облысы Бодайбо қаласында жасөспірім селфи жасау үшін электр желісіне көтерілген , бірақ  өзін-өзі ұстап тұра алмай төменге құлаған. 

Оны тоқ ұрып ауруханаға түсті,-  деп хабарлайды Qamshy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

19 қыркүйек күні кешкі уақытта жергілікті полиция бөлімшесіне Бодайбо қаласының орталық аудандық ауруханасының қызметкерлері хабарласқан. Олар мекемеге «электр жарақаты» диагнозымен 15 жасар жасөспірімнің түскенін хабарлаған.

Кәмелеттік жасқа толмағандар ісі бойынша инспектор тоғызыншы сынып оқушысының биіктігі шамамен 20 метр болатын электр бағанасына көтеріліп, фотоға түспек болғанын анықтады. Тепе-теңдікті сақтай алмай төменге құлаған оқушы электр сымына жармасқан. 

Оставить комментарий

Связанные Статьи