Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев Нью-Йоркте өтетін БҰҰ Бас ассамблеясының сессиясына бара жатып ауырып қалған, - деп хабарлайды Qamshy.kz ВВС-ге сілтеме жасап.
«Бішкектен Нью-Йоркке бара жатып, (...) Қырғыз Республикасының президенті Алмазбек Атамбаев өзін әлсіз сезініп, алғашқы медициналық тексеруге жүгінді», - деп хабарлаған Қырғызстан президентінің әкімшілігі.
Атамбаев Ыстамбұл әуежайынан келесі ұшаққа отырар сәтте сырқаттанып қалған.
Дәрігерлер Атамбаевқа шұғыл медициналық тексерістен өту қажет деп ұйғарған.
«Алдын ала тексеру нәтижесі бойынша мемлекет басшысында жүрек ауруының белгілері анықталған», - делінген Атамбаевтың баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Ал, Нью-Йоркке қырғыз делегациясын елдің сыртқы істер министрі Ерлан Абдылдаев бастап барады.
Естеріңізге салсақ, А. Атамбаев 17 қыркүйекте 60 жасқа толып, Бішкекте өткен ТМД елдері басшыларының саммиті мерейтой тойлауға ұласқан болатын.
А. Атамбаев 2011 жылы Қырғызстанның президенті болып сайланған.
Оставить комментарий