Үкімет отырысы: Әкімдер азық-түлік бағасын тұрақтандыруға арналған 4 млрд. теңгені игере алмай отыр

/uploads/thumbnail/20170709073308754_small.jpg

Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев тұрақтандыру қорларына азық-түлік алуға бөлінген қаржыны тиісті деңгейде игеруді тапсырды,- деп хабарлайды Qamshy.kz  KazInform-ға сілтеме жасап.

«Тұрақтандыру қорларын азық-түлікпен толтыруға бөлінген қаржы депозиттерде бостан бос жатыр. Не үшін игерілмей жатыр?!»,-деді Премьер-Министр Үкімет отырысында облыс әкімдеріне қаратып айтқан сөзінде.

Сонымен қатар, Б. Сағынтаев еліміздің өңірлерінде қарақұмықтың бағасы елеулі өскенін айта келе, осы ретте жақын арада бұл мәселені шешуді тапсырды.

Өз кезектерінде Үкімет отырысына селекторлық байланыспен шыққан өңір әкімдері бұл бағыттағы жұмыстарды таяу арада ретке келтіретініне уәде етті.

ҚР Үкіметі отырысында Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев тұрақтандыру қорларын азық-түлікпен толтыруға бөлінген қаржы депозиттерде жатқанын хабарлаған болатын.

«Барлық өңірлерде тұрақтандыру қорларын толтыруға арналып бөлінген ақшалай қаражаттар тиісті деңгейде қолданылмайды. Мәселен, бүгінгі күні ақшалай қаражат қалдықтар тұрақтандыру қорларының ағымдағы және депозиттік шоттарында жатқан 4 млрд. теңгені құрайды», - деді Қ.Бишімбаев.

Оставить комментарий

Связанные Статьи