Арада бес жыл уақыт өтсе де зарыға іздеген анасымен жолығу нәсіп болмаған еді. Алланың қалауымен қажылық сапарында арманы орындалып, ойламаған жерде анасын кездестіреді, - деп жазады Qamshy.kz baq.kz-ке сілтеме жасап.
Хамаш Мекке қаласына Сауд Каролдігінің патшасы Салманның Палестиналық 1000 қажыға бөлген арнайы шақыртуы бойынша ұлы сапарға келген.
«Сауд патшасының қайырымдылық бағдарламасы Газаның тосқауылын күл талқан етті», – деп Хамаш толқыған сезімін жасыра алмады.
Сондай-ақ, анасы басқа балаларымен Әр-Рияд қаласында тұратынын да айтты. Қуаныштың көз жасын жасыра алмай, толқыған Хамаш:
«Қасиетті жерге келіп ақ сүтін аямаған анамды жолықтырамын, қайта тауып аламын деген ой мүлдем басыма келмеген еді», – деп Аллаға мақтаулар айтып, шүкірліктер келтірді.