Жұлдызнама болжамы қаншалықты рас?

/uploads/thumbnail/20170709075142576_small.jpg

«Сенімен бір мәмілеге келу қиын , сен Егіздерсің ба?». « Ол өте қырсық, Торпақ белгісінікі шығар». «Ол маған ұнайды, бірақ біз бірге бола алмаймыз: ол Арыстан, мен Балық». Осындай адамдар қытығыңызға тие ма?   Жұлдызнаманы жындының сандырағы деп ойлайсыз ба , әлде кей кездері сенуге болады ма?  Кей ғалымдар жұлдызнаманың  — өтірік екенін дәлеледеген.

 Жұлдызнама сіздің тұлғалық мінезіңіздің сипатын суреттемейді

Француз әлеуметтанушысы және статистик  маман Мишель Гоклен, (неоастрологияның негізін қалаушылардың бірі болып саналады) қарапайым ғана тәжірбие жасап көрген.  Ici Paris  газеті арқылы ол қалаушылардан анкета толтырып, туған күні мен жылдарын көрсетуді сұраған. 150 адам анкетаны толтырған, сосын олардың әрқайсысына өздерінің жұлдыз белгісі деген толықтай мәлімет бар жұлдызнама жіберген.  Жұлдызнаманың 94% бақытты иелері өздерін тура сипаттаған, өте дәл жазған, мұны тіпті туыстары мен таныстарының растағанын да айтқан. Шындығында,  Гоклен оларға сериялы қанышер, 63 адамды өлтірген Марсель Петиотаның жұлдызнамасын жіберген. Және әрбір адам оны өзінің жұлдызнамасы деп қабылдаған. 

          

Астролог  сізге жар  тауып бермейді

Астрологтар сіздерге өмірлік серік таңдауда көмектесе аламыз деп ойлайды және түрлі кеңестер беріп жатады. Мичиган штаты  Университетінің психологы  Берни Силвермэн  кездейсоқ 2978  ерлі-зайыпты жұптар мен 478  ажырасқандарды тапқан, бір қызығы олардан ешқандайда астрологиялық жақсы да, жаман да байланыс таппаған.  Астрологтар мінсіз сай келеді деген астрологиялық жұптардан жиі ажырасу байқалған.   

Жұлдыздар ешкімді бастық етпейді 

 Физик Джон Мак Герви қызығушылықтан 6475 саясаткер мен 16634 ғалымның өмірбаянын туған күндеріне қатты мән бере отырып  зерттеген. Өкініштісі, ешандайда зодикалды және ғаламшарлы ұқсастықты Джон таба алмаған. Саясаткерлердің арасынан  қарапайым адамдар арасындағы Бикештермен теңдей басшыларды тапқан. Ал, жұлдызнамада Бикеш белгісін көшбасшылық қабілеті төмен, депрессия мен  әлсіздікке жақын деп сипаттайды.

Астрологтың диагнозы 

Австралиялық экс-астролог  Джеффри Дин және  канада психологы Айван Керри  45 астролог, 160  ерікті қатысқан, үлкен «соқыр» тест өткізген. Астрологтар наталды карта негізінде сынаққа қатысушылар туралы бар ақпаратты айтулары керек болған. Олар болса ондағы адамдардың қандай типке жататынын да айта алмаған.

 Болжамдарға сенудің негізі бар ма?

Астроном Джордж Калвер мен Кристина Йенна астрологтардың жұлдыздарға айтқан соңғы он жылдағы болжамдарын бақылап, оларды шынайы өмірмен салыстырған.   Нәтижесінде астрологтардың 10%  ғана айтқандары тура келгені анықталды.  Сарыжағал басылымның тұрақты оқырманы ол болжамдарды айта алады десек те болады. 

      

Физик-экспериментатор Шон Карлсон 1985 жылы бір емес екі соқыр астрологиялық тест жасаған. Астрологтар 116  адамның туған күні мен жылы бар жұлдызнама алған.  Бір адамның мінезіне үш бірдей сипаттан алып отырған. Біреуі қатысушы сипатына келсе, қалған екеуі мүлдем басқа адамдарды айтып отырған. Астрологтар суреттеудің қайсысы жұлдызнамаға сай келетінін анықтамақ болған.  Қортындысы 34%  ғана тура шыққан.  

Адамдар нені көргісі келеді, соны көреді

 Психолог Бертрам Форердің ұлы цирк аватюристі Барнумның құрметіне қойылған барлық адамға келе беретін «әмбебап» жұлдызнама бар.  Форер оны студенттерге тест ретінде берген  ( әр студент өз нұсқасын алады деп сендірген) және әрқайсысының бұл тесттің өзіне қаншалықты сай келетінін бағалауы үшін  бес балдық шкаламен бағалауларын сұрайды.  Орташа баға 4,26 болған: әр студент тесттен өздерін көрген. Бірақ, мәтіннің практикалық маңызы жоқ және өзіне –өзі кереғар, кейбіреуге өте терең болып көрінеді.  Жұлдызшылар мен балгерлер оны үнемі қолданады. Міні, ол былай:

«Сіз өзіңізді басқалардың жақсы көргеніне мұқтажсыз. Өзіңізге сыни көзбен қарай білесіз.  Сіздің ашылмай жатқан, өзіңіз әлі қолданып  көрмеген көптеген мүмкіндіктеріңіз бар.

 Дегенмен, кейбір жеке әлсіздіктеріңіз де жоқ емес, қаласаңыз  сіз оларды жоя аласыз. Сырттай қарағанда тәртіпті, әрі өзіне сенімді болып көрінгеніңізбен, шындығында уайымдау мен сенімсіздікті сезінуге бейімсіз”.

«Кей кездері біздерді дұрыс шешім қабылдадық па, жоқ па деген ойлар мазалап жатады.  Кей өзгерістер болғанын қаласаңыз, кей шектеулер көңіліңіздің томауына әкеледі. Кейде тәуелсіз ой ойлайтыныңыз үшін өзіңізді мақтан тұтатын боласыз;  бөтен адамдардың пікірін жеткіліксіз дәлелдерсіз қабылдап жатасыз. Сонда мынандай мәтіндерді оқып, өзіме арналған деп ойлайсыз:

«Сіз адамдармен тым ашық, еркін сөйлесудің  керек емес екенін түсіндіңіз. Кей кездері сіз қызба, кейде мейірімді және ұстамдысыз. Сіздің кейбір мақсаттарыңыз шынайы өмірден алыстау. Өмірлік мақсаттарыңыздың бірі — тұрақтылық”.

 

Связанные Статьи