Мәжілісте қаралып жатқан заң жобасында салафизмге тыйым салуға бағытталған нормалар атымен жоқ

/uploads/thumbnail/20170709080440728_small.jpg

Қазіргі таңда мәжілісте экстремизм мен терроризмге қатысты кейбір заң актілері бойынша бірқатар өзгертулер мен толықтырулар талқыланып жатыр. Көңіл көншітпейтін тұсы заң бастан аяқ орыс тілінде жүргізіліп, орыс тілдегі нұсқасы талқыланып жатыр.

Бірден айта кетейін бұл заңда көпшілік күткен "сәләфизмге тыйым салу" мәселесі мүлдем қарастырылмайды. Ол тыйым салынса, соттың шешімімен тыйым салынатын көрінеді. Талқыланып жатқан заңда қару-жарақ, көші-қон, терроризмге шақыру мәселелері көбірек қарастырылған. Ал экстримизді идеологиялық тұрғыдан алдын алу мәселелері мүлдем жоқ. Қару-жараққа шектеу қою, он күннен аса уақыт бір жерде тұратын кісіні тіркеуге мәжбірлеу мәселесі, терроризм жазасының қатайтылып, сотталу мерзімін созу терроризмнің алдын ала ала ала ма?!. Аз ғана күрделендіруі мүмкін.

Өлімге дайын террористерді қандай заңмен қорқытпақпыз? Террорлық акт жасайтын адамның бір жерде 10 күн тұруының түкке де қажеті жоқ. Қазір бір түндік жалға берілетін пәтерлер жеткілікті. Тіпті іздерін жасырып, көзге түсіп қалмау үшін оларға бір жерде көп тұрмау жағы тиімдірек. Заңның бұл тармағы пәтерін жалға беретін кісілерге, жалпы пәтер жағалап күндерін өткізіп жатқан көпшілікке қиыншылық қана тудырады. Басқа ештеңе емес. Нәтижесі орындалмайтын заңға, жемқорлыққа ұласуы мүмкін.

Террорлық акт жасау үшін қару-жарақтың тіпті қажеті де шамалы. Санасы терроризмен уланған адам әйтеуір бір жолын тауып, жасайтынын жасайды. Францияда ауыр салмақты жүк көлігімен-ақ мыжып-жаншып, жүзден аса адамның жанына қастандық жасалғаны кеше ғана. Қажет болса, қолдан жарылғышты жасай салады. Заңның алғашқы отырысында осы ұсыныстарымды айттым. Заңда терроризмге шақырудың, үгіттеудің жазасы қатайтылған. Бұл құптайтын нәрсе. Сәлафизмге шақыратындарға да осындай заң керек.

Менің ұсынысым такфиризм мен сәлафизмге тыйым салумен қатар, идеологиялық тұрғыдан қарсы тұратын арнайы ғылыми-зерттеу институты құрылуы қажет. Аямай қаржы бөлу керек. Олардың әр уәждері мен көзқарастарына, дәлел-дәйектеріне жеке-жеке жүйелі түрде ғылыми салмақты материалдар дайындау керекпіз.

Қайрат Жолдыбайұлының Фейсбуктегі парақшасынан

Оставить комментарий

Связанные Статьи