Былтыр миллион санды мигрант қабылдаған Германия босқындарға 2 миллиард доллар жұмсаған. Босқындарға гуманитарлық көмек көрсету үшін аталмыш ел 2,2 миллиард доллар шығын шығарғаны туралы БҰҰ-ның Бас ассамбелясының 71 сессиясында Германияның Сыртқы істер министрі Франк-Вальтер Штайнмайер мәлімдеген. Бұл туралы "Укринформ" хабарлайды.
Штайнмайер өз баяндамасында көмекке зәру жандарға қол ұшын созу саяси және моралдық парыз екендігін атап айтты. Ол сондай-ақ жаппай көші-қон мәселелерін шешу керектігін де ескертті. Штайнмайер бұл салада Иордания, Ливан, Нигерия, Кения сияқты мемлекеттермен ынтымақтаса отырып жұмыс жүргізу керектігін де жеткізді.
Оставить комментарий