Facebook әлеуметтік желісінің қолданушысы Мансұр Амиров өз парақшасында Қайрат Нұртастың әнін тыңдау қорлық екенін жазды,- деп хабарлайды Qamshy.kz.
Оны тыңдайтын адамдар бір табын қой сияқты, Қайраттың арзан, махаббат пен лирика жайлы әндеріне еріп, еліктейді-мыс. Орыс тілді жігіт «Осы себептен де бізді басқару оңай» деген.
«Қайрат кәдімгі той мен мерекелік әндердің орындаушысы. Дарақы қазақтардың арқасында күн көріп жүр. Отандық орындаушылардың ішінен Ғалымжан Молданазар мен Скриптонитті атап өтер едім. Жігіттер өздеріне өздері жол ашып жатыр. Олардыкі таза авторлық шығармашылық. Әр бейнебаянға өзіндік ерекшелік жасайды. Билікке деген ешқандай икемделу мен конъюнктура жоқ»,- деп аяқтайды сөзін Мансұр.
Естеріңізге сала кетейік, Ғалымжан Молданазардың жақында ғана шыққан « Өзің ғана» әні талай тыңдарманның жүрегінен орын алып, жастар арасында хитке айналып үлгерді. Ал, Скриптон болса өткен аптада JQ мен Tom Ford журналдарының жұлдызы болды.
Оставить комментарий