Қырғызстан епископы Атамбаевтың денсаулығы үшін дұға жасауға шақырды

/uploads/thumbnail/20170709080708980_small.jpg

 Қырғызстандағы Бішкек қаласының Епископы Даниил православты христиандарды Алмазбек Атамбаевтың денсаулығы үшін дұға жасауға шақырды, - деп хабарлайды Qamshy.kz sputnik.kg/ сайтына сілтеме жасап.

Атамбаевты  Ататүрік әуежайынан емханаға алып бара жатқан  суреттерін БАҚ өкілдері  жариялаған болатын.  ҚР басшысы қыркүйектің 19 күні БҰҰ Бас Ассамблеясына бағыт алған. Түркиядағы Ататүрік әуежайында қырғыз делегациясы келесі ұшаққа отырар кезде президент өзін жайсыз сезініп, кеуде тұсы ауырғанын айтқан. Алғашқы көмек кезінде дәрігерлер Атамбаевқа толықтай тексерістен өтуге кеңес берген.  Түрік БАҚ-тарының мәліметінше, қырғызстандық көшбасшы медициналық тексерістен өтті. Емделу үшін ол бүгінде кезекті демалысқа шыққан.  «Президенттің ауруына байланысты, менің бата беруіммен Қырғызстан шіркеулерінде оның денсаулығына арналған ереше дұға оқылады. Барлық бейбіт адамдарды біздің басшы үшін кешірім тілеуге шақырамын— дейді Даниил епископ.  БҰҰ Бас Ассамблеясының 71-ші сессиясына Қырғызстан президентінің орнына елдің  сыртқы істер министрі  Эрлан Абдылдаев барады.

Оставить комментарий

Связанные Статьи