Алматыда төрт адамның өмірін қиған жол апаты болды (ФОТО)

/uploads/thumbnail/20170709080947248_small.JPG

Жантүршігерлік апар Алматының Рысқұлов даңғылында болған, - деп хабарлайды Qamshy.kz Zakon.kz –ке сілтеме жасап.

Батыс бағытта қатты жылдамдықпен келе жатқан БМВ маркалы көлік төрт бірдей жүргіншіні қағып кеткен. Олардың барлығы оқиға орнында көз жұмған.

Куәгерлер бес адамның Рысқұлов даңғылының оңтүстік бағытына жүгіріп өтпек болғанын, біреуі жолды кесіп өткенін, қалған төртеуі үлгермей, көлік астында қалғанын айтқан. Қаза болғандардың үшеуі қыз бала, біреуі – жігіт. Ауыр соққыдан олардың денесі он метрден астам қашықтыққа ұшып кеткен.

Көлікте болған жолаушы жүргізушінің дыбыс белгісін беріп, тоқтауға әрекет еткенін айтқан. Тежегіш жолының ұзындығы 70-80 метрді құраған.

 

 

Көлік жүргізушісін полиция оқиға орнында тұтқындаған.

Апаттан соң Рысқұлов даңғылының бойында екі бағытта да көлік кептелісі пайда болған. 

Оставить комментарий

Связанные Статьи