Советқазы Нұрсила: Әлеуметтік желі әлеуметке не береді?

/uploads/thumbnail/20170708152258013_small.jpg

Әлеуметтік желінің де өзіндік мақсаты болуы керек деген ойға келдім... Ұрпақты тәрбиелеуге, ұлтын сүюге, болашақты бағдарлауға және қоғамдық пікір тудыра алса, онда әлеуметтік желінің пайдасы болғаны, болмаса... Ішкен - жеген мен өсек -аяңды ғана жазатын болсақ, желінің де қадір - қасиеті азайып кететін сияқты көрінеді маған. Осында көптеген достар таптық, ортақ ойларды ортаға салдық. Дегенмен, бәріміздің алдыға қойған мақсатымыз бір болғанда ғана желінің де беделі арта түседі ме , - деген ой еді менікі, Достар!!! - Ең бастысы ҚАЗАҚ деген халықтың басын біріктіріп, қазақша жазып отырған осы желіге рахметімізді айтайық... Екіншіден, өмірде көрмеген іштей ниеттес, сырттай тілектес ДОСТАРДЫҢ ой -пікірін білейін, деген ой ғана. Ақыл айтудан аулақпын. Сіздің ойыңыз қандай, Достым?!!!

Оставить комментарий

Связанные Статьи