Жамбыл облысындағы мұнай базасындағы өрттен үш адам зардап шеккен ( ВИДЕО)

/uploads/thumbnail/20170709081451385_small.jpg

Жамбыл облысындағы мұнай базасында бейсенбінің кешінде болған өрттен зардап шеккен үш жұмысшы ауруханаға түскен деп хабарлайды Qamshy.kz  azattyq.org-қа сілтеме жасап.

Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұловтың сөзінше, Меркі ауданындағы мұнай базасында жанармай құйып жатқан кезде өрт шыққан. Оның айтуынша, өрт салдарынан теміржол цистернасы мен әрқайсысының сыйымдылығы 50 текше метр екі ыдыс жанған. Кейін жалын қойманың шатырын да шарпыған дейді Иманқұлов.

Мұнай базасындағы өрт бір сағаттың ішінде өшірілген.

 

Оставить комментарий

Связанные Статьи