Әміржан Қосанов: Жалпыламадан жалқыламаға көшу керек!

/uploads/thumbnail/20170708152259096_small.jpg

   Біз осы "Билік жаман", "Билік өйтті, билік сөйтті" дейміз. Немесе "Оян, қазақ!", "Қазақ, қайда барасың?" деп көп айтамыз. Меніңше, жалпылама түсініктер мен субъектілерді жалқыландыру керек. Яғни, сын болса, нақты адамға айтылуы тиіс. Ол кім болсын, бәрібір - президент болсын, биліктің тағы бір тармағының басшысы болсын, оппозиция өкілі, басқа бір жауапты жеке тұлға болсын.  Және де бұрыс бағытта кетіп бара жатқан қазақтың немесе әлі де оянбаған қазақтың нақты аты-жөні айтылып жатса, бәлкім сындарымыз бен ұсыныстарымыз одан сайын жемісті болуы мүмкін.

Оставить комментарий

Связанные Статьи