Жапонияда соңғы үш жылда әл-ауқаты төмен отбасының балаларына арналған асханалар саны 300-ден асқан. Бұл туралы ABC News. хабарлайды. 2013 жылы бүкіл ел аумағында 21 Kodomo shokudo (балалар асханасы) болса, бүгінде оның саны 319-ға жеткен.
Токиодағы бала тәрбиесімен байланысты мекеменің бірін басқаратын Сецуко Итоның айтуынша, бүгінде көптеген жапон отбасында балалар жақсы киініп, қымбат смартфон ұстап жүргенмен мектепте сусын алып ішетін ақшасы жоқ екен.
Kodomo shokudo әл-ауқаты төмен немесе ата-анасы түнге дейін жұмыс істейтін отбасының балаларына арналған. Бұндай асханалар жанұя жылылығын сезіне алмай жүрген бүлдіршіндердің бірігіп ас ішіп, уақытын жақсы өткізу жағынан да пайдасы мол. Асхананың осындай түрінің көбейіп кетуіне байланысты ел үкіметі балалар арасындағы кедейшікпен күресуді қолға алған. Бүгінде Жапонияда талайы жартыкеш отбасының балалар тойып тамқа ішпейді. Ал жалғыз басты аналардың айлық табысы орта есеппен айына 1500$ шамасында.
Оставить комментарий