Джеймс Джонсон түсірген "Saudi Arabia Uncovered" (Бүркемесіз Сауд Арабиясы) Ислам Корольдігінің бұқпасыз бет пердесін ашады. Фильмді жасаушы өз өміріне қауіп төндіре отырып, Сауд Арабиясындағы сіз бен біз білмейтін құпияларды ашады. Мына фильмді көріп, сіз бұл елде адамға, БАҚ-қа, сот ұйымдарына ешқандай еркіндіктің жоқтығын түсінесіз. Елде авторитарлы режім, бір ғана король бар, бәрі соған бағынады. Ірі қалаларында ғана жағдай жақсы болғаны болмаса, қалған елді-мекендерде бастықтардың ғана жағдайы жақсы,- дейді фильм авторы.
Мұндағы әрбір азамат өз ойын айтуға қорқады, әйелдерге боянуға, видео түсіруге, ел алдында музыкалы аспаптарда ойнауға және көптеген нәрселерге тыйым салынған. Әрине, бұл режімге қарсы оппозиционерлер бұл елде бар, солар ғана елдің айта алмағанын айтып, жеткізе алмағанын жеткізеді. Бір өкініштісі мұндай адамдардың тағдыры ел алдындағы өлім жазасымен аяқталады. Фильмде Сауд Арабиясының 10 жылға бас бостандығынан айырылған белсендісінің тағдырын көрсетеді. Кез-келген бұйрықты тыңдамаған адам не өлім жазасын алады, не түрмеге тоғытылады. Адамдар қорқынышпен өмір сүреді. Фильм авторы ондағы түрме өмірін көрсетеді, жазасын өтеушілер наша қабылдап, жынды болып, бір-біріне ауруларын жұқтырып жүр. Корольдік басшысы Вахабизм және Салафизм идеясын ұстанады, сондай-ақ автор дәл осы ағымдардың негізін қалайтын да осы ел деп санайтындығын айтады.
Мектептерде балаларды "Shia" ағымымен тәрбиелейді, оның мағынасы « Исламнан басқа дін жоқ, еврейлер мен христиандар жерді ластап жатыр, олардың көзін құрту керек». Салдарынан осындай оқушылар террорлық әрекет жасап, сондай топтарға қосылып кетеді. Егер, Сауд Арабиясы басты « мұнай резерві» болмағанда, баяғыда –ақ америкалық қара тізімге енген елдердің қатарында болатын еді. Жалпы қоғам көзіне алдымен бұл елдің монархиялық билігі бірінші түсетін еді, әлем адамдары әлі де олар жайлы ештеңе білуге құлық танытпайды: орта ғасырдағы құқытық жүйе, әйелдер құқының тапталуы, сөз еркіндігінің толықтай жоқтығы. Корольдің отбасы елдің барлық сферасын басқарады, баспасөз, саясаттан бастап, дүкендер мен мешіттерге дейін солардың иелігінде. Осылай елдің құрылысы мен ішкі тәртібі бір-біріне кереғар: сыртынан қарасаңыз замануи, ал өмірлік ұстанымдары әсіре діншіл. Әдемі қонақ үйлер, үлкен сауда орталықтары, бай өмір Сауд Арабиясының – иллюзиясы. Мына фильмді қарай отырып, сіздер ол жақтың біраз шындығына көз жеткізесіздер. Бір жылдың ішінде ғана Сауд Арабиясында 76 адамның басын «ислам шариғаттары бойынша» кескен. Тіпті, 2013 жылы 17 жастағы Шри-Ланкалық Нафик атты бала бағушыны, тамақ ішіп отырып, қақалып өлген баланы тұншықтырған деп басын кестірген.
Сауд Арабиясынан қайтып келген қызметші әйел (сол жақта) ол елдегі қожайыны денесіне шеге қағып азаптағанын айтады. Шри-Ланка, 25 тамыз 2010 жыл. (Көрнекі сурет)
Материалды дайындаған: Айжан Бақдәулет
Оставить комментарий