Экономикалық қауіпсіздік - ең әуелі отандық өндірушілер үшін керек

/uploads/thumbnail/20170709082434252_small.JPG

Қазіргі уақытта экономикалық бәсекелестікке қабылеттілік әлем елдері арасындағы ерекше тартысқа айналды. Соның салдарынан экономикалық қауіпсіздік мәселесі ең өзекті жағдайлардың біріне айналды. Қазіргі дүниежүзілік сауда саласын шарпыған қауіп Қазақстанды да айналып өтпесі анық. Бүгін Астанадағы «Медиатехнологиялар орталығы» Жеке қорының «SarapTime» Сарапшылық пікірталас клубы өткізген «Қазақстандағы экономикалық қауіпсіздік: заңсыз саудадан адал кәсіпке?» тақырыбындағы кезекті отырысын еліміздегі экономикалық қауіпсіздік мәселесі төңірегінде сөз қозғады, деп жазады BAQ.kz тілшісі.

Жиында Қазақстандағы экономикалық қауіпсіздік аясындағы заманауи тенденцияларды, шекара бойындағы территориялардан тауарларды жеткізу аясындағы шағын және орта бизнес мүдделерін қорғауды, сонымен қатар кеден тарифі мен мөлшерлемелерінің әдістеме мәселелері талқыланды.

ҚР Парламенті Мәжілісінің депауттары, ҚР ҚМ Мемлекеттік табыстар Комитетінің, эксперттік бірлестіктердің, ғылыми-зерттеу институттарының, қоғамдық бірлестіктер мен шағын және орта бизнес өкілдері, қоғам қайраткерлері мен бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері қатысқан жиында қазіргі кездегі еліміздегі экономикалық қауіпсіздіктің алдын алу шаралары сөз болды.

"Қазір елімізде экономика дамыды. Біз де өз қолымызбен бірдеңелерді жасай алатын дәрежеге жеттік. Бірақ көршілерімізбен бәсекелесуге әлі де қауқарсызбыз. Экономикалық қауіпсіздік туралы айтқанда осыны ескеруіміз керек. Ең әуелі өзге елден импорттайтын тауарлардың санын шектеу арқылы отандық өндірушілерімізге жағдай жасауымыз керек. Әйтпесе біздің елде 25-30 мың тұратын аяқкиімді өзге елден барып 5-10 мың теңгеге сатып ала салу барлығының қолынан келеді. Сондықтан ең әуелі экономикалық қауіпсіздік туралы сөз болғанда, біз өз еліміздегі, отандық тауар өндірушілерімізді қорғауды көздеуіміз керек" - дейді Қазақстан Республикасының Қаржы Министрлігі мемлекеттік табыстар Комитетінің төрағасы Дәулет Ерғожин.

Бүгінгі отырыстың өтуіне бірден бір себеп болған ол - Қырғыз Республикасы территориясынан тауарларды өткізуді бақылау, кедендік тазарту кезінде Тәуекелді Басқару Жүйесі стандарттарындағы әдістемелер мен нормаларды анықтау аясындағы мәселелердің қоғамда кеңінен талқылану мәселесі туындағандығы.

"Қазіргі кезде "Қорғас" кеден бекетінде Салық комитеті тексеру жүргізіп жатыр. Соған байланысты импорт көлемі азайып кетті. Алайда бұның қазіргі кездегі халықаралық саяси жүйеге еш қатысы жоқ. Ал экономикалық қауіпсіздікке келер болсақ ол елімізге келетін тауарларға қатысты. Арзан бағамен, сапасыз тауардың елімізге көптеп келуі отандық өндірушілерді де, тұтынушыларды да шығынға ұшыратады" - дейді «Стратегиялық бастамалар орталығының» бас серіктесі Олжас Құдайбергенов.

Пікірталас қорытындысында отандық бизнестің сәтті дамуы турасында сарапшылардың ұсыныстары қабылданды.

Оставить комментарий

Связанные Статьи