«Sewol» паромының құтқарушы сүңгуірі қаза тапты

/uploads/thumbnail/20170708152330693_small.jpg

Сейсенбі күні суға батып кеткен «Sewol» паромының жолаушыларын іздеу кезінде сүңгуір есінен танып, қайтыс болды.

Ұлттық теңіз полициясы агенттігінің (жағалау күзеті) өкілі хабарлағандай, сүңгуірмен байланыс су астына түскеннен кейін 5 минут өткен соң үзілген. Оны су бетіне алып шыққанда кезде ол тыныс алмаған. Кейіннен оның көз жұмғаны ауруханада расталды. Бақилық болған сүңгуір паромдағы жолаушыларды іздеу жұмыстарына жұмылдырылған Undine Marine Industries компаниясында қызмет еткен. Естеріңізге салып өтейік, «Sewol» паромы 16 сәуір күні Чеджу аралының жағалауында апатқа ұшырап, су түбіне кеткен болатын. Кеме бортында 476 адам болған. Оның тек 164-ін ғана құтқару мүмкін болды. Экипаж мүшелерінің ешқайсысы зардап шеккен жоқ. Олар суға батып бара жатқан кемені алғашқылардың бірі болып тастап кеткен. Қазір олардың барлығы қамауда отыр, оларға түрлі айыптаулар тағылды.

BNews.kz

 

Оставить комментарий

Связанные Статьи