Талдықорғанда ұзтаздар күніне орай, Алматы облысының әкімі Амандық Баталовтың қатысуымен салтанатты шара өтті деп хабарлайды Qamshy.kz тілшісі.
Ұзтаздарды ұлықтауға арналған жиын «Жастар» спорт сарайында ұйымдастырылды.
Балалар шығармашылық орталақтарының ұйымдастырған концерттік бағдарламамен шымылдығын ашқан шара, облыс басшысы Амандық Ғаббасұлының құттықтау сөзімен жалғасты.
«Ұстаз – қоғамдағы ең құрметті де қадірлі мамандықтардың бірі. Өйткені, адами қасиеттердң бойына сіңірген шынайы ұстаз өз шәкіртінің жүрегіне білімге деген құштарлықты және Отанына деген сүйіспеншілікті ұялатады», – деп мұғалімнің қоғамдағы рөлін атап өткен өңір басшысы, Жетісу жеріндегі білім саласына қатысты жетістіктерге көңіл аударды.
«Бүгінде 2011 жылмен салыстырғанда білім саласының бюджеті 2 есеге ұлғайып, 148 млрд.теңгені құрауда. Тәуелсіздік алғаннан бері облысымызда 174 жаңа білім беру мекемелері бой көтерді. Қазір өңірімізде 21 мектептің құрылысы эүруде. Білім күніне орай, 6 мектеп есігін ашса, жыл соңына дейін тағы 3 мектеп пайдалануға берілмек», - дейді өңір басшысы.
Бұдан кейін Амандық Баталов ұстаздардың кәсіби біліктілігін арттыру мақсатындағы кешенді жұмыстарға тоқталып, сонымен бірге, мұғалімдердің материалдық жағдайын көтеру шараларын тізбектеп өтті.
Облыс басшысының құттықтау сөзі марапаттау рәсіміне ұласып, ұстаздар һәм білім беру мекемелері арасындағы 7 түрлі номинацияда өткен байқау қорытындылары жарияланды. Нәтижесінде «Жылдың үдік мұғалімі» байқауында Жамбыл ауданы Ү. Кәрібаев атындағы орта мектебінің биология пәнінің мұғалімі Гүлхан Нургазиева жеңімпаз атанып, облыс әкімінің қолынан темір тұлпардің кілтін алды.
Оставить комментарий