Жамбыл облысында бүтін бір аудан ішімдік пен темекіден бас тартқан

/uploads/thumbnail/20170709092707759_small.jpg

Қордай ауданының ақсақалдары кәсіпкерлерден ішімдікті сатудан бас тартуды өтінген. Көне көз қариялардың өтінішін жерге қалдырмаған кәсіпкерлер ішімдік атаулыны дүкен сөрелеріне жолаттырмайтын көрінеді, -деп хабарлайды Qamshy.kz  Nur.kz-ке сілтеме жасап.

Аталмыш ауданның бірнеше ауылында тұратын дұнғандар дәстүрлерін жылдар бойы сақтап келеді. Сол себепті ондай өңірлерде ақсақалдардың әр шешіміне зор құрметпен қарайды.

"Ақсақалдар өскелең ұрпақты ішімдіктен алыс ұстау керек деп шешті. Ел ағалары мен имамдар кәсіпкерлерден ішімдік пен темекіні сатпауды сұрады. Олар келісімін беріп, ішімдікті сатудан толықтай бас тартты. Кей дүкендерде темекі де мүлде сатылымнан алынған", - дейді Жамбыл облысы дұнған мәдени орталығы қауымдастығының басшысы Руслан Исмазов.

Оставить комментарий

Связанные Статьи