Ұлы Қытай қорғанының түбінен әлемдегі ең үлкен метро салынбақ

/uploads/thumbnail/20170709092756838_small.jpg

Жер асты стансасының тереңдігі 102 метр болады деп жоспарлануда. Ал аумағы 35 мың шаршы метрге жетеді, -  деп хабарлайды Qamshy.kz.

Қытай астанасында Ұлы қорғанға жақын жерден әлемдегі ең терең метро құрылысы басталмақ. Аталмыш станса Бадалин ауданына орналасып, жоғары жылдамдықтағы пойыздарға арналады. Метро пайдалануға 2019 жылы беріледі деп күтілуде. Ал 2022 жылы станса қысқы Олимпиада ойындарында да падаланылмақ.

Стансаның атауы да бегілі, ол ауданның атымен Бадалин деп аталады. Жаңа станса Пекин-Чжанцзякоу теміржол жолағының бір бөлігі болмақ.

Метроға түсетін эскалаторлар 62 метр тереңдікке дейін бара алады. Қытай архитекторлары жаңа метро стансасының құрылысында Ұлы қорғанға еш зияны тимейтін ерекше технология падаланатынын айтып отыр.

Оставить комментарий

Связанные Статьи